«Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасында жасалған бірлескен қызмет туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 15 ақпанда «Nur Otan» партиясы ҚБ Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко және «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Бауржан Капенов 2021-2025 жылдарға арналған өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум ынтымақтастықтың негізгі нысандары мен бағыттарын қарастырды: азаматтардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша партиялық және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру; еңбек даулары мен әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай-лардың алдын алу және шешу жүйесін әзірлеуге және жетілдіруге бірлесіп қатысу; өзара ақпарат алмасу; «мемлекет-саяси партиялар-кәсіптік одақтар» форматында серіктестіктің прогрессивті тетіктерін қалыптастыру»; азаматтарды бірлесіп қабылдау, еңбек қатынастары және әлеуметтік-экономикалық, кәсіби мүдделер мәселелеріне қатысты бағдарламалар жобаларын әзірлеу, қарау бойынша консультативтік-кеңесші органдардағы бірлескен жұмыс.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен «Nur Otan» партиясы арасында 2020 жылғы 4 ақпанда жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алу және оларды шешу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек заңнама-сын сақтау, тең еңбек жағдайларын қамтамасыз ету ынтымақтастықтың басым бағыттарының қатарында.