Қостанай облысының АКБ төрайымы жергілікті кәсіподақ көшбасшыларымен кездесті

Бүгін Қостанай облысындағы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жаңадан сайланған төрайымы Ирина Аронова жергілікті кәсіподақ көшбасшыларымен кездесті.
Кездесу барысында ҚРКФ-ның «Халық бюджеті» мен «30 Еңбек Елшісі» жобаларын жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының XXVI съезінің шешімі бойынша 2021 жыл «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жарияланған болатын. Сондықтан кездесуде өңірдегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыру да сөз болды.
«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ ҚОФ төрағасы Әсет Досекенов хабарлағандай, 20 ақпаннан бастап «Үздік БКҰ» байқауының салалық комиссиясы өз жұмысын бастайды. Байқауға келетін өтініштермен егжей-тегжейлі танысу үшін қатысушылармен яғни бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары иә болмаса өкілдерімен арнайы кездесулер жасалады. Бұл үшін арнайы кесте құрылатын болады.
Сонымен қатар, Салалық және жергілікті кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының төрағалары кәсіподақ ұйымдарындағы жағдай туралы, кәсіподақ ұйымына жаңа мүшелерді тарту бойынша жоспарларымен бөлісті.
Кәсіподақ жұмысында ұйымдар деңгейіндегі еңбек қатынастарын реттеуге ерекше назар аударылады. Аталған жұмыс ұжымдық шарттар арқылы жүзеге асырылады. Кездесуге қатысушылар бұл мәселені де айналып өткен жоқ. «Орман салалары қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» ҚБ ҚОФ төрағасы Максим Макрушин Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының “Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі” КММ ұжымдық шартты қайта жасасу рәсімі жоспарланғаны туралы мәлімдеді. Аталған кәсіподақтың өңірді қамту деңгейі 100% , мүшелерінің саны 1200.