Ақтөбедегі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның жергілікті кәсіподағы жыл соңында жұмысшылардың талабы бойынша басшылыққа жалақыны өсіру жөнінде ұсыныс білдірді.
АҚ-да қазір 6 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
«Пандемия кезінде жұмысшылар қысқартылған жоқ, барлық әлеуметтік кепілдіктер сақталды. Ұжымдық шартқа сай жұмысшыларға кәсіподақ қолдау жасап отыр», – дейді жергілікті кәсіподақ төрағасы.
Компания жұмысшыларының дені Жаңажол мен Кенқияқ кеніштерінде еңбек етеді. Жыл басынан бері жұмысшылардың жалақысы 20 пайызға өскен. Инженерлік техникалық қызметкерлерде орташа есеппен 12 пайызға көтерілген.
Жалпы жұмыс берушіге жұмысшылардың талабын өндіріс орнындағы бастауыш және жергілікті кәсіподақ ұйымдары бірлесе отырып жеткізген.
Бүгінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясымен жұмыс істейтін өңірдегі сервистік компаниялар да сәуір айынан бастап өз жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге ниетті.