«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы жергілікті кәсіподақ көшбасшыларымен кездесті

17 ақпан күні «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев өңірдегі салалық кәсіподақтар басшыларымен кездесіп, «Еңбек жолы» байқауы, «30 еңбек елшісі» және «Халықтық бюджет» жобаларын жүзеге асыру сонымен қатар, «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» деп жариялануына байланысты бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен жұмысты жаңа деңгейге көтеру жолдарын талқылады.

Кездесуде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі ұйымдастырып отырған «Еңбек елдің мұраты» атты жобасы да таныстырылды.

Сонымен қатар, кездесуге жиналғандар еңбек дауларын да назардан тыс қалдырған жоқ. Оның алдын алу үшін еңбек дауларының болжамдық картасын жасау және осы картаға енгізілетін мекемелерде жағдайды тұрақты бақылауда ұстау мәселесі сөз болды.

Халықаралық Медиация орталығы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарындағы өкілдігінің директоры Лаура Ақшегірова былтырғы жұмыстары туралы есеп берді.