Ұжымдық шартқа қол қойылды

2021 жылы 18 ақпан күні «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев «Shymkent Bus» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қарлығаш Қолдасбековамен кездесіп, еңбек қатынастарын бекіту бойынша ұжымдық шартты жаңадан түзді.

Ұжымдық шартта басты мәселе ретінде жұмысшылардың қойған талабына сай әлеуметтік жағдайларын дұрыстау, кәсіподақ тарапынан көрсетілетін көмектер және жұмысшыларға қарастырылған жеңілдіктер реттелді.