«Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрайымы Любовь Шестакова жұмыстық кездесу барысында «Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрайымы Ирина Ароноваға «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы» ҚБ 2021 жылғы 17 ақпанда онлайн режимінде өткізген Кеңес отырысы туралы баяндады. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Күміс Сейітова қатысты.
Орталық комитеттің төрағасы Светлана Иманқұлова Кеңесте Орталық комитет пен Қазақстан Республикасының барлық облыстары филиалдарының қызметі туралы мазмұнды ақпарат берді. Сонымен қатар 2020 жылдың іс-шаралар қорытындысы айтылып, ағымдағы жылға көзделген іс-шаралар жоспары талқыланды, олардың ішінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру, әр кәсіподақ ұйымының жарғылық міндеттерді шешу үшін қоғамдық талқылаудың жаңа формаларын, кәсіподақ мүшелері мен алқалы органдардың өзара байланыс механизмін дамыту және тағы басқа бағыттар.
Әр Еңбек адамына лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған міндеттерді орындау мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік серіктестік туралы жаңа Салалық келісім жасалып, өткізілген Кеңес барысында қол қойылды.
Кеңес мүшелері атап өткендей, қол қойылған жаңа Салалық келісім және оның барлық тармақтары міндетті болып табылады, барлық аймақтардағы мәдени және спорттық ұйымдардың ұжымдық шарттарына енгізілетін болады.
Кәсіподақтар мәдениет, дене шынықтыру және спорт, мұрағат ісі және туризм саласындағы қызметкерлерге жалақының өсуін ескере отырып, уақытылы төлеу мәселесі бойынша аталған Келісімде, жалақы туралы ұжымдық шарттар мен ережелерде және басқа да көптеген шарттарда белгіленгендей, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуы және қолданылуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге міндеттенді.
Барлық қажетті ақпаратты республикалық салалық кәсіподақ сайтынан алуға болады. Жергілікті филиалдар атап өткендей, кәсіподақтың әрбір мүшесін әлеуметтік серіктестік тараптарының құқықтары мен міндеттерін кеңейтетін жаңа құжатпен таныстыру мақсатында ақпараттық жұмыс жасау бойынша іс-шаралар өткізетін болады.
«Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрайымы Шестакова Любовь айтқандай, олар облыстық деңгейде осындай келісімдер жасасуды жоспарлап отыр.