«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесі өтті

Отырыста ҚР Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы отырысында 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялануына байланысты салалық жұмыс жоспарлары жасалып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен күнделікті онлайн/офлайн кездесулер ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.

Сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру мақсатында әр сала бойынша жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілу қажеттігі айтылды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған «30 Еңбек Елшісі», «Халықтық бюджет» кәсіподақ мүшелігінің тартымдылығына ықпал етуге бағытталған кәсіподақ жобаларына қатысу мәселелелері де қаралды.

Облыстағы кәсіподақ ұйымдары бар мекемелерде ұжымдық шарттарды қолдана отырып, мүшелерге еңбек жағдайларын түсіндіру, сондай-ақ жазатайым оқиғалар мен еңбек дауларының алдын-алу мақсатында тұрақты талдауларды жүргізу қолға алынатындығы талқыланды.

Атқарылған жұмыстарды бұқаралық ақпараттық құралдарына және әлеуметтік желілерде, ҚР Кәсіподақтар федерациясының сайтына үнемі жариялау қажеттілігі де айтылды.
Кеңес мүшелерінің дауысқа қою арқылы «Алматы облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған «Әйелдер кеңесі» төрайымына «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің Алматы облыстық филиалының төрайымы Самал Бағдатқызы Бакирова сайланды.