Елордалық үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыруға қолдау көрсетіліп келеді

Елорда тұрғындарының ұсыныстарын жинау үшін Birge сайты іске қосылды.

Мұнда белсенді азаматтар өз идеялары мен ұсыныстарын қалдыра алады. Платформаның жұмыс істеу процесі үш кезеңнен тұрады: идеяны ұсыну, іріктеу, үздік жобаларды іске асыру. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында өткен жиында айтып өтті.

Жиынға үкіметтік емес ұйымдар мен елордалық Кәсіподақтар орталығының өкілдері қатысты. Б.Мәкеннің айтуынша, елорданың әлеуметті маңызды істерін шешуде жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамдық өкілдер бірлесіп ауқымды жұмыстар атқарып отыр. Жергілікті билік тарапынан оларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасын табады.

Соңғы он жылда ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар саны 2900-ге жетіп, 12 пайызға артқан. Азаматтық қоғамдық институттардың белсенділігі жоғарылап, қазіргі таңда олардың саны 700-ге жетіп отыр.