Кәсіподақ бірлестіктерінің тамыры – бастауыш кәсіподақ ұйымдары

Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының медиа-алаңында Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық кітапхана жанынан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алтынай Айтбаева айтып өтті.

Аталмыш бастауыш кәсіподақ ұйымына бүгінде 58 маман мүше болып отыр. Құрамында бірнеше кәсіподақ белсенділері де бар. 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде кітапхана ісінде қызмет етуші мамандар да қалыс қалмай, елмен бірге болып, қайырымдылық шараларға үлес қосты. Соның ішінде, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, карантинде үйде отырған тұрғындарға онлайн шаралар ұйымдастырып, өздерінің нағыз еңбек жаршысы, еңбек адамының жанашыры екендерін дәлелдей білді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алтынай Саиновна өз сөзінде:

– ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Телағысұлының тапсырмасымен биылғы жыл “Бастауыш кәсіподақ ұйымы” жылы болып жарияланды. Бұл бастауыш кәсіподақ ұйымдарының санын арттыруға серпін беріп қана қоймай, ұйым мүшелерінің белсенділігін де арттыруда. Біздің бастауыш кәсіподақ ұйымының ең басты ұстанымдары: Салауатты өмір салты мен отбасылық бірлік. Сондықтан да ұжыммен бірге үнемі шаңғы теуіп, табиғат аясында түрлі сайыстар мен спорттық жарыстарды ұйымдастырып отырамыз, – деді ол.

Айта кетсек, аталмыш бірлестік төрайымы Алтынай Айтбаева 2011 жылдан бері бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекші ретінде белсенді қызметтер атқарып келеді.

#КәсіподақКз #БҚҰ21