Акция аясында ҚРКФ басшылығының, Парламент Мәжілісі депутаттарының, облыстағы мүшелік ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуымен бастауыш кәсіподақ ұйымын виртуалды аралау жоспарлануда. Кездесудің жаңа форматы салалық және аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің жұмысына да енгізілетін болады. Акцияның басты мақсаты – әрбір бастауыш ұйыммен кездесу, озық тәжірибелерді біріктіру, жергілікті және жүйелік деңгейдегі проблемаларды анықтау, аймақтық кәсіподақ белсенділеріне қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен және тікелей еңбек ұжымдарымен кездесулердің мұндай форматының маңыздылығын атап өтті.
«Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы – бұл бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін күшейту мүмкіндігі. Біз сіздермен бірге дайындайтын ұсыныстарды заңнамалық тұрғыдан бастама етіп көтеру үшін ҚРКФ-ның Мәжіліс депутаттарымен өзара тығыз әрекеті барлық деңгейде жүретін болады. Кәсіподақтың әрбір мүшесі өзін толғандыратын мәселелер болашақта заңнамалық шешімдерде көрініс табуы үшін оларды біздің елдің жоғары өкілді органы деңгейіне жеткізуі маңызды», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.
Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ мүшелерімен кездесу барысында жалақы мөлшері, еңбек жағдайлары туралы сұрады және білім саласы қызметкерлерін толғандырған сұрақтарға жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, әлеуметтік кепілдіктер және жалақыға қатысты болды.
Сатыбалды Дәулеталин ең төменгі жалақыға қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, кездесуге қатысушыларға Кәсіподақтар федерациясы жалақыны біртіндеп көтеру қажеттілігі туралы нақты ұстанымды қорғайтынын айтты.
«Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін ең төменгі жалақыны қалыптастыру әдістемесі құрылған жоқ. Соңғы 3 жылда ол индекстелмеген. 3 ай ішінде біз жұмыс тобының құрамында 2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметі, Республикалық кәсіподақ бірлестіктері мен Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісім жобасымен жұмыс жасадық. Келіссөздер оңай болған жоқ, өйткені жұмыс берушілер жалақының өсуіне қарсы позициясын білдірді. Біз бұл мәселелерді Бас келісім жобасында көрсете алдық.
Ең алдымен, біз индекстеуді және ең төменгі жалақының кезең-кезеңімен өсуін талап етеміз. Оның үстіне, біз жылдар бойы өзгермеген «Базалық лауазымдық жалақы» сияқты тұжырымдаманы ауыстыруды талап етеміз. Біздің ойымызша, келешекте жалақы, оның ішінде мұғалімдердің де жалақысы ең төменгі жалақы негізінде қалыптасуы керек », – деп атап өтті кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
Бұл ретте Сатыбалды Дәулеталин бастауыш кәсіподақ ұйымы деңгейінде әлеуметтік диалогты күшейту қажеттігін айтты.
«Жұмысшылардың барлық өзекті мәселелері алғашқы кәсіподақ ұйымы деңгейінде еңбек ұжымдарында жинақталған. Мекемедегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын құру бастауыш кәсіподақ ұйымының қаншалықты мықты болатынына байланысты. Жалақыны реттеу мәселелері, басқалармен қатар, сіздің ұйымыңыздың шағын Конституциясы болып табылатын ұжымдық келісім арқылы шешілуі керек. Мұнда жұмыс берушімен келіссөздер жүргізу қажет. Кәсіподақ – бұл жұмыс берушінің жауы емес, жұмыскермен сындарлы қарым-қатынас орнатуға арналған көпір », – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметкерлердің денсаулығын жақсарту және санаторий-курорттық сауықтыруға жолдамалар бөлу мәселелеріне де назар аударды. Ол кəсіподақтың барлық мүшелерінің қажеттіліктерін ескере отырып бөлуге шақырды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева жаңа форматтағы кездесулердің өнімділігі туралы өз пікірін білдіріп, Кәсіподақтар Федерациясының Еңбек Адамын қолдауға бағытталған барлық жобаларының маңыздылығын атап өтті.
«Бастауыш кәсіподақ ұйымы бүкіл кәсіподақ қозғалысының тірегі болып табылады. Жұмыстың көп бөлігі бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жүреді. Біз осындай кездесулермен 100-ден астам бастауыш ұйымдарды қамтуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде қызметкерлерді қолдау жөніндегі жүйелік шараларға қатысты бірқатар мәселелер бар, оларды біз республикалық деңгейде шешуді жоспарлап отырмыз », – деді Екатерина Смышляева.
Жұмысшылардың мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі Қостанай облысындағы Аумақтық кәсіподақтар орталығының төрайымы Ирина Аронованың сөзінде атап өтілді.
«Бүгінгі таңда мұғалімдердің еңбек жағдайлары мемлекеттік деңгейде бағаланып, мамандыққа тиісті көңіл бөлінді. Бастауыш ұйым жылы қостанайлықтар Федерация басшылығының еңбек ұжымдарымен кездесулер циклын ашу мәртебесі мен жауапкершілігіне ие болды. Сіздер осындай іс-шараны өткізген алғашқы ұйымсыздар. Мұғалімдердің мықты аймақтық ұйымы бүгінде мұғалімдерді қолдау орталығы», – деді Ирина Аронова.
Кәсіподақтар орталығы төрайымының айтуынша, Қостанай облысында 1300-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді. Кездесудің бұл жаңа форматы аймақтық деңгейде белсенді қолданылады және аймақтағы барлық бастауыш ұйымдарды қамтиды.
Виртуалды кездесу барысында колледж директоры Ғалия Оразымбетова мен Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қуаныш Жаркенов колледжде онлайн тур өткізіп, білім беру мекемесінің жұмысы туралы әңгімеледі.
Ғалия Оразымбетова айтқандай, колледжде 167 оқытушылар мен қызметкерлер жұмыс істейді, оның 164-і бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері.
2020 жылдың 16 наурызынан бастап колледж қашықтықтан оқытуға көшкен. Еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты мұғалімдердің еңбек келісім-шарттарына қосымша өзгерістер енгізілді.
Қуаныш Жаркенов өз кезегінде бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы мен мекемедегі ұжымдық шарттың ерекшеліктеріне тоқталды.
Қатысушылар Қостанай облысындағы білім және ғылым саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақтың кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғаудағы үлкен үлесін атап өтті.
Қуаныш Жаркенов айтып өткендей, кәсіподақ ұйымының барлық бастамалары қолдау табуда, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдануда, әсіресе пандемиялық дағдарыс жағдайында біраз шара қолға алынған.
«2020 жылдың тамызында облыстың білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының бастамасымен кәсіподақ пен жұмыс берушілер арасында қосымша келісім жасалды. 2020 жылдың қазан айында Қостанай педагогикалық колледжінің ұжымдық келісімшартына кәсіптік оқыту, жұмысшыларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, ақы төлеу және еңбек нормаларын белгілеу мәселелеріне қатысты 30 тармақ бойынша айтарлықтай түзетулер енгізілді », – деді мекеменің кәсіподақ комитетінің төрағасы.
Қостанай облысындағы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Василий Цымбалюк жаңа келісімнің негізгі түзетулеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Оның айтуынша, облыстың білім беру жүйесі 700-ге жуық кәсіподақтық бастауыш ұйымдарды қамтиды. Алдыңғысымен салыстырғанда 2021-2023 жылдарға арналған Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен жергілікті кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы жаңа келісімге білім беру ұйымдарының 35 мыңға жуық қызметкерінің еңбек жағдайын жақсартатын 30-дан астам жаңа нормалар енгізілген.
Василий Цымбалюк атап өткендей, келісім аясында кейбір тармақтарды монетизациялау жүзеге асырылды.
«Мәселен, бір жыл ішінде орташа айлық жалақысы 130 мың теңгені құрайтын колледж оқытушысы кәсіподақ бюджетіне 15,6 мың теңге салады (ай сайынғы жарна). Сонымен бірге, ол кез-келген басқа кәсіподақ мүшелері сияқты кәсіподақ шипажайына жолдама үшін 35% мөлшерінде жеңілдікті пайдалана алады. Осылайша әр күні үшін 4275 теңге үнемдейді. 5 күнде үнемдеу 21 мың теңгені құрайды, бұл оның кәсіподаққа жыл бойы аударған ақшасынан асып түседі », – деді жергілікті кәсіподақ төрағасы.
Сонымен қатар, жаңартылған келісімде білім саласы қызметкерлерін басқа педагогикалық жұмыстарға тарту үшін аптасына 150 минуттық шектеу нормасы, қосымша ақылы еңбек демалысын беру туралы ереже, білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлерінің балаларын колледждерді қоса алғанда, мектепке дейінгі орындармен қамтамасыз етуде басымдық беру және басқа да еңбек кепілдіктері бар.
«Жалпы алғанда, кәсіподақтың қорғау функциясын жүзеге асырудың құралы ретіндегі жаңартылған келісім жоғары сапалы еңбек жағдайларын жасауға, білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Василий Цымбалюк.
Кездесу соңында ҚРКФ Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин әлеуметтік әріптестік туралы аймақтық келісімде көрсетілген шараларды жоғары бағалады және бұл озық тәжірибені өзге әріптестерімен бөлісуге шақырды.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы