Ұйым жетекшісі мен кәсіподақ белсенділерінің үйлесімділігі қолайлы жұмыс жағдайының өсіміне алып келеді

Қолайлы жұмыс жағдайы әрі жұмыс көрсеткіштерінің өсімі бұл – ұйым жетекшісі әрі белсенді кәсіподақ мүшелерінің өзара ынтымақтастығының нақты нәтижесі.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінің шешімі бойынша 2021 жыл «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» болып жарияланды. Бұл бастама – бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының жаңа бағыттары мен мақсаттарын қалыптастыруда қозғаушы күш.

Кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері уақтылы және тиісті көмек пен қолдау көрсетіп, ұжымды біріктіреді, сайып келгенде бүкіл кәсіподақ ұйымының жағымды имиджін қоғам алдында қалыптастырады әрі Еңбек адамының белелін арттырады. Өйткені, кәсіподақ бастауыш кәсіподақ ұйымнан өз бастауын алады.

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыс бойынша 700-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымдарын қамтиды, әр ұйымның өз ұжымы, салт-дәстүрлері әрі ұжым мүшелері үшін жасалынған қолайлы жағдайлары бар.

Қостанай қаласының №14 негізгі орта мектебінің қалалық стандарттар бойынша мектеп ұжымы үлкен емес – 102 адам, дегенмен 100 % – кәсіподақ мүшелері. Бұл кәсіподақ жұмысының айтарлықтай нәтижесі.

№14 мектептің кәсіподақ ұйымы өз алдына қызметінің басым бағыты ретінде кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қорғауды қойып отыр, Қостанай облысының Білім басқармасымен жасасқан Келісім аясында әр кәсіподақ мүшесінің әлеуметтік пакетін жақсартуды қамтамасыз етуде ұжымдық шарт талаптарын қолдануда.

Мысалы, егер Келісімге сәйкес қызметкерге үйлену тойы болған жағдайында үш тәулікке дейінгі ақылы еңбек демалысы берілсе, онда мектептің ұжымдық шарты бойынша – бес күнге дейін демалыс беріледі. Келісім негізінде 2021 жылы әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері үшін қосымша демалыс енгізілген болса, № 14 мектепттің кәсіподақ мүшелері үшін осы тәжірибе ұзақ уақыт бойы жалғасып келуде.

Сонымен бірге, олимпиадалар мен түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болған мұғалімдер, сондай-ақ жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдер қосымша ақылы еңбек демалысына ие. Мектеп кәсіподағы облыс және еліміз бойынша шипажайларда денсаулығын жақсарту мақсатында жолдама құнын ішінара төлейді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе күрделі аурудан кейін оңалтуды қажет ететін қызметкерлерге, соның ішінде COVID-19 ауруына шалдыққан әр қызметкер үшін көмек көрсетілді.

Мектептік кәсіподақ мүшелері адал еңбек етумен қатар, демалысты ұйымдастыруда іс-шараларымен ерекшеленеді. Дәстүрлі түрде өтетін мереке, экскурсия және отбасылық спорттық шаралар жұмыс күшін нығайтуға және біріктіруге көмектеседі.

2020 жылы № 14 мектептің кәсіподақ ұйымы білім ұйымдары арасында өткен “Қалалық ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы” байқауында сенімді түрде 1 орынға ие болды.

Мектеп ұжымының жетістікке жетуінің “құпиясы”, ең алдымен, еңбек ұжымының мақсаттары мен іс-әрекеттерінің бірлігінде және мектеп басшысы Аленов Есентастың қолдауы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Наумова Иринаның өз кәсіподақ ұйымының әр мүшесінің жағдайын жақсартуға ынтасы болып отыр.

#БКҰ2021
#КәсіподақҚЗ
#ЕңбекАдамы