Әйтеке би ауданындағы балалар саз мектебінің оқытушысы Ерболат Қалибеков он екі жылдан бері жас шәкірттерді өнерге баулып жүр.
Шәкірттерінің бойындағы өнерге деген талпынысын одан әрі ұштап, түрлі байқауларға қатыстырып, нәтижесінде ауданда домбырашы жастар саны жылдан жылға артып келеді.
Ол жетекшілік ететін «Ақ желең» домбырашылар ансамблі талай тартысты өнер байқаулардың жүлдегері атанып, «үлгілі» деген атаққа ие болды. Өнер ұжымының репетуары бай. Ансамбльдің күй қоржынында ұлы тұлғалардың шоқтығы биік шығармалары көптеп кездеседі.
Талантты ұстаздан тәлім алған түлектер түрлі өнер додаларында топ жарып, тіпті кейбірі шет мемлекеттерде қазақ өнерінің туын желбіретіп, талғампаз тыңдармандарын тамсандырып келеді. Өнер мен білім көшін бұл қоғамның талабына сай жылжытып келе жатқан Ерболат Жанкелдіұлына ата-аналар мен шәкірттерінің құрметі ерекше.
“Саз мектебінде бастауыш кәісподақ ұйымы жұмыс жасайды. Біз жұмыс берушімен іскерлік байланысымызды нығайтып, ұжымдық шарттағы талаптар мен еңбек заңнамасының нормаларының сақталуын басты назарда ұстаймыз.Шағын болса да ұжымымыз тату.Бастауыш ұйым мүшелерінің талап тілектеріне құлақ асып, оларға мейлінше қолдау жасаймыз. Осындай талапшыл жастарға үнемі қолдау танытамыз”, – дейді Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінің оқытушысы А.Әбенова.