Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш кәсіподақ ұйымынан басталады

Сандуғаш Сұлтанбекова Қарағанды қаласының «Нәрік» бөбекжайы» КМҚК, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшысы болып табылады.

Кәсіподақ қозғалысында Сандуғаш Серікбайқызы 2015 жылдан бастап жұмыс істейді және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің мүдделерін, құқықтарын қорғайды. Бала-бақша қызметкерлерінің барлық сұрақтары мен ұмтылыстары оның назарынан тыс қалмайды. Ұжымның әр мүшесі қиын жағдайда кәсіподақтың қолдауын сезінеді.

2020 жыл барлығына қиын жыл болды және коронавирустық пандемиямен күресу кезінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы мен кәсіпорын әкімшілігінің директоры Светлана Петрованың бірлескен үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында туындаған сұрақтар шешімі тез табылды. Өткен жыл бізден жоғары ұйымшылдықты, шығармашылық пен күш-жігерді талап етті. Қашықтықтан жұмыс режиміне ауысуына байланысты кәсіподақ комитеті Whatsapp-чаттарды, электрондық поштаны белсенді пайдаланды. Мұндай іс-қимыл форматы Сандуғаш Сұлтанбековаға алғашқы күннен бастап еңбек демалысын есептеу, жұмыскерлерге еңбекақы төлеу бойынша туындайтын мәселелерді қашықтықтан форматта мобильді түрде шешуге көмектесті.

Кәсіподақ мүшелері еңбек заңнамасы бойынша барлық сұрақтарға уақтылы түсініктеме алады. Сандуғаш Серікбайқызы күнделікті кәсіподақ жұмысын әлеуметтік әріптестік және ынтымақтастық қағидаттарында құрады.

Бала-бақша қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты барлық бұйрықтар мен өкімдері кәсіподақ комитетімен келісіледі (еңбекақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері, ұжымдық шартқа қосымша келісім жасасу, қызметкерлерді сауықтыру және демалысын ұйымдастыру және т.б.).

Қызметкерлерді кәсіби және күнтізбелік мерекелермен және мерейтойлармен құттықтау игі дәстүрге айналды. Мұндай күндері әркім үшін жылы сөздер және қажет болған жағдайда материалдық қолдау бар. «Мектепке дейінгі қызметкер күні» мерекесінде «Нәзік» бөбекжайының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығының, Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының, «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталады.

#ҚРКФ #Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы #КәсіподақКз #БҚҰ21