Қызылордада «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: Бірлік пен бірегейліктің моделі» атты 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйым, партия өкілдері, қоғам белсенділері қатысуда. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет алғысөзінен соң, конференцияда Парламент Сенатының депутаты, саяси ғылымдар докторы Мұрат Бақтиярұлы, Тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас тақырыпқа орай баяндама жасады. Конференцияда қоғам белсенділері, облыстық этномәдени бірлестік өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының саяси институт ретіндегі ерекшелігі туралы ойларын ортаға салды. Тарихтан сыр шертіп, елі мен жеріне алғыс білдіріп біріккен елдің бекемдігін танытқан Алғыс айту күнінде ғылым мен қоғамның өкілдері келелі ойларымен бөлісіп, ел тәуелсіздігі тұғырының баяндылығы жолын талқылады.
Ғылыми-тәжірибелік Конференция Қазақстан халқы Ассамблеясының біріктірушілік және қоғамдық саяси рөлі және Көпэтносты Қазақстанның қалыптасу тарихы атты секцияларында жұмысын жалғастырады, конференцияға аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов қатысты.