Аға буынға – зор құрметпен және ризашылықпен

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің еріктілері әлеуметтік әріптесі – Қарағанды қаласының кәсіпкері Нұрлан Әубәкіровпен бірге еңбек ардагерлері Валентина Москаленко мен Галина Распаркинаны үйлеріне барып Алғыс айту күнімен құттықтады.

Валентина Владимировна ұзақ уақыт бойы Кәсіподақтар үйінде техникалық қызметкер болып жұмыс істеді, жұмыс орындарында тазалық пен тәртіпті сақтады.

Галина Михайловна кәсіподақ саласында 1986 жылдан бастап еңбек етті, 2000 жылға дейін «Водоканал» ЖШС (қазіргі – «Қарағанды Су») бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болды, ал 2002 жылдан бастап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша салалық кәсіподақтың Қарағанды облыстық филиалының төрайымы болып сайланды.
Ардагерлер волонтерлермен өткен еңбек жолы туралы естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа шынайы тілектерін білдірді.

Алғыс айту күнінің негізгі міндеті – жас ұрпаққа ғасырлар бойы қалыптасқан жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру болып табылатын әдемі мереке. Алғыс айту күні толеранттылыққа, аға буынды құрметтеуге, қарым-қатынас жасауға және достықты бағалай білуге, бір-бірімізге алғыс айтуға және көмектесуге, елімізді, ұлттық тамырымызды сүюге және ұлтаралық келісімнің дамуына ықпал етуге үйретеді.