Ақтөбе облысының мұнай саласында он жылдан астам қызмет жасап тұрған «Синопек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кәсіподақ ұйымының отырысы өтті.
Компания жұмысшыларының жалпы жиналысына кәсіподақ белсенділері қатысты. Еңбек ұжымында кәсіподақ пен жұмыс беруші арасында ұжымдық шарт бар. Компанияда вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшылар өздерінің құқықтарын қорғауда кәсіподақ ұйымының қажеттігі мен тиімділігіне көз жеткізген. Кәсіподақ мүшелері жалақы көтеру, жұмыс орнында қысқарту болмау жайын және болған жағдайда жергілікті жұмысшыларды қалдыру жайын т.б. талқылады.
Аумақтық бірлестік тарапынан бастауыш ұйым мүшелеріне ұжымдық келісім жасау мен ақпараттық құқықтық қолдау тұрақты жасалып отыр. Жуырда олардың белсенді топ өкілдері еңбек ахуалына, жалақы мәселесіне қатысты кәсіподақтар орталығында басқосу өткізген еді.
Олар «Ынтымақ» салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалына қарайды, 300-ден астам адамның басын біріктіріп отыр. Жаңа төраға болып 2008 жылдан бері компанияның Ақтөбе филиалында бұрғылаушы болып еңбек етіп келе жатқан Айбек Нұрпейісов сайланды.
#КәсіподақКз #БҚҰ21
#ПрофсоюзКз #ППО21