Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев пен Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум мақсаты – облыс көлемінде сала қызметкерлерінің құқығын қорғау және мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысуына ықпал ету.

Тең құқықтық, ашықтық және парасаттылық қағидаттарына негізделген келісімде тараптар ауқымды жобаларды бірлестіп, жүзеге асыруды көздеуде. Үш жылды қамтыған құжат қос мекеменің мүддесі үшін жұмыс істейтін болады.

#kasipodaqkz
#ӘлеуметтікӘріптестік