Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің мұғалімі, көп балалы ана Асылзат Қибасованы көктемнің алғашқы күні – Алғыс айту күнімен құттықтады. Ұзақ жылдар бастауыш сынып мұғалімі болып, сан ұрпақты білімге баулып, өз кәсібіне адал, қалтқысыз қызмет етіп, құрметті демалыс жасына жеткен ұстазға кәсіподақ алғыс хат пен Алға ауданындағы «Шипагер» сауықтыру орынына жолдама табыс етті.
«Алғыс айту күнінде кәсіподақ тарапынан көп балалы аналар мен аға буын өкілдерін де назардан тыс қалдырмаймыз. Біз бастауыш ұйым мүшелерінің денсаулықтарын нығайтуларына әркез қолдан келген көмегімізді береміз», – дейді Әйтеке би аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З. Бекетов.
#КәсіподақКз #БКҰ21
#ПрофсоюзКз #ППО