Бастауыш кәсіподақ ұйымына әдістемелік көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2021 жылды – бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялауына байланысты «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бастауыш кәсіподақ ұйымына барып, жұмыскерлердің қал-жағдайымен танысты.

Кәсіподақ комитеті мүшелерімен іс-қағаздар жүргізу, түрлі дәрежедегі марапаттауларға ұсыну бойынша ұсыныс хат дайындау, оған қоса кәсіподақ комитетінің хаттамалық шешімін, награда қағазын үлгіге сәйкес дайындау, ұжымдық шарт пен келісім-шарт жасасу үлгілері, оның орындалуын бақылау мен ұжым алдында есеп беру тағы да басқа жұмысқа қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібін үйретті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев және мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан кәсіподақ комитетінің төрайымы Жанат Тайбек арасында жасалған Ұжымдық шарт бекітілді және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына тіркеуге жолданды.

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері мекемедегі ұжым мүшелерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосуға, кәсіподақтық жобаларға және байқауларға белсене қатысуға шақырды.

#КәсіподақКз #БКҰ21
#ПрофсоюзКз #ППО21