«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы құрылды

Құрылыс компаниясында өткен кездесуге Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысшылары салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрайымы Тілеулес Мадиярова, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Күнәділов қатысты.

Компанияның бас директоры Ерлан Бердалин өз сөзінде кәсіподақ ұйымын құру жөнінде алдын-ала бастамашыл топ құрылып, оған қолдау көрсеткенін атап өтті.

Жергілікті кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім бірауыздан қабылданып, кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Рысбике Қабдула сайланды.

Компания ұжымы бұл бастаманы қолдап, сұрақтарына жауап алып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Қазіргі сәтте компанияда 70-тен аса қызметкер еңбек етеді. Олардың барлығы кәсіподақ құрамына кіруге ниет білдірді.