«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: ҚРКФ төрағасы Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәдениет және спорт қызметкерлерімен кездесті

Бүгін ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәдениет және спорт қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымымен танысты.  Шараға  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева мен   «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы Светлана Иманқұлова қатысты.

Естеріңізге салып өтейік, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына орай ұйымдастырылған. Акциясы аясында федерация басшылығының, Парламент Мәжілісі депутаттарының, облыстағы мүшелік ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуымен бастауыш кәсіподақ ұйымын виртуалды аралауы  жоспарланған. Мұндағы мақсат бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында  әрбір бастауыш ұйыммен кездесу, озық тәжірибелерді тарату, жергілікті және жүйелік деңгейдегі проблемаларды анықтау, аймақтық кәсіподақ белсенділеріне қолдау көрсету.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Нұрақаевтың айтуынша, облыста  1235 бастауыш кәсіподақ ұйымы тіркелген, мүшелерінің саны 64120.  Облыс мекемелерін ұжымдық шартпен қамту деңгейі 94 %.

«Ұжымдық шарттарға жалақыны индекстеу бойынша жергілікті деңгейде 40 шақты өзгерістер енгізілді. Көп елді мекендер ауылдық  мәртебе алды. Ол жалақыға 25 көлемінде әсер етеді. Коммуналдық төлемдер мәселесін де көтеріп,  бюджетке енгізе алдық. Оның көлемі ауылдық жерде өте үлкен. Бұрын 1 мың теңгенің маңайында болса, қазір әжептеуір ақша. Мәдениет саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және медициналық тексеруді де бюджет есебінен төленуіне де қол жеткізе алдық»,-деді  Ерік Нұрақаев.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен таныстыру барысында  кәсіподақ комитетінің төрайымы Елена Тимощук ұйымның орталықтандырылған кітапхана желісі, Мәдениет үйлері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, облыстың ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі кәсіподақ мүшелерін біріктіретінін жеткізді. Кәсіподақ мүшелерінің саны – 130 адам. Олардың барлығы кәсіподақ мүшелері.

1969 жылы құрылған аталған бастауыш ұйым «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ 2020 жылы мәдениет саласындағы  ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы республикалық байқауының жеңімпазы. Ұйымның 2019-2021 жылдарға арналған ұжымдық келісімі бар, оған көптеген қосымша жеңілдіктер кіреді. Мәселен Елена Тимощуктың бастамасымен мәслихат арқылы шаң басқан кітапхана қорымен жұмыс істейтін кітапханашылар мен музей қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу мәселесі оң шешімін тапқан. Әрі  2019 жылдан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын  аудандық кітапхана жүйесінің барлық қызметкерлері қосымша ақы алады.

Ұжымдық шарттың кадрларды сақтаудағы және мәдениет қызметкерлеріне жағдай жасаудағы рөлі туралы баяндаған кәсіподақ мүшесі, облыстық мәдениет үйінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Наталья Синдякина 317 көрерменге арналған облыстық мәдениет үйінде жасалған жөндеу жұмыстарының  нәтижесімен таныстырды. Шараға қатысушылар өнер ұжымының дайындығын тамашалауға да мүмкіндік алды.

Әлеуметтік әріптестік шеңберінде мәдениет саласын дамыту мәселесіне тоқталған облыстың ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Әлия Байкенованың сөзінше, ауданда  66 мәдениет нысаны бар. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалпы саны 150. Олардың 130-ы кәсіподақ мүшесі. «Әлеуметтік әріптестік соңғы кездері белсенді түрде дамуда. Біздің бөлімде ұжымдық шарт бар. Онда мәдениет саласы қызметкерлеріне қосымша жеңілдіктер мен қолдаулар қарастырылған. Мәселен, короновирустық пандемия кесірінен болған дағдарыс кезеңінде сала қызметкерлеріне  жалақы толығымен төленді. Бұдан бөлек, короновирус және өкпе қабынуымен ауырғандарды оңалту қарастырылуда»,-деді  Әлия Байкенова.

Жастар кеңесінің жұмысы туралы жастар кеңесінің төрағасы, облыстық Мәдениет үйінің кәсіподақ ұйымдастырушысы, «30 Еңбек Елшісі» кәсіподақ жобасының қатысушысы Арман Көпжасаров  әңгімелеп берді. Оның айтуынша, бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің 24,6 % -ы жастар. Жастар кеңесі COVID-19 пандемиясы кезінде бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс атқарған. Атап айтқанда,  карантин кезінде өз қолдарымен маска тігіп, оларды аудан зейнеткерлеріне таратқан.

Мәдениет қызметкерлері күнін мерекелеу аясында бірлескен іс-шаралар өткізу туралы Рузаевский атындағы мәдениет үйінің директоры Людмила Емельянова әңгімелеп берді. Оның айтуынша, бұл мерекеге аудандағы кәсіподақ мүшелері  ерекше дайындалады. Мерекелік шаралардың танымдық тұрғыдан пайдалы болуы  үшін облыстың қасиетті орындарына баруға барынша мән беріледі дегенді айтты Людмила Емельянова.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі кеңестің төрағасы, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Батима Жантасова  мәдениет мекемелерінде кәсіподақтың отбасылық-демографиялық саясатының қалай жүзеге асырылып отырғанын хабардар етті. 2014 жылы құрылған кеңес еңбеккер әйелдердің денсаулығын жақсарту бағытында да белсенді жұмыс істеуде. Атап айтқанда, кеңес бірқатар спорттық іс-шаралардың тұрақты ұйымдастырушысы.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының директоры Біржан Жалғасбаевтың айтуынша,  мәдениет саласының облыстық деңгейде екі басты  проблемасы бар. Оның біріншісі жалақының мардымсыздығы. Екіншісі  баспана мәселесі. «Біз жас кадрларды тарта алмай отырмыз. Себебі ведомствалық үйлер жоқ.  Бұл екі мәселені көптен бері барлық жерде көтеріп жүрміз. Бірақ облыстық деңгейде шешімін таппай тұр. Сондықтан осыны республикалық деңгейде шешу үшін ҚР Кәсіподақтар федерациясы тарапынан қолдау сұраймыз»,-деді  Біржан Жалғасбаев.

Шара барысында Солтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына арналған тарихи-өлкетану мұражайы мен «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені өкілдері онлайн-экскурсия ұйымдастырды.

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ облыстағы филиалының төрайымы Күлжиян Қасымованың айтуынша, салалық келісім негізінде жасалған облыстық келісімнің орындалуы тұрақты бақылауға алынған. «Біздің филиал құрамында 98 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Оларға 3029 кәсіподақ мүшесі бар.  Біз күн сайын 5-10 ұйымда ұжымдық шарттың орындалуын тексеріп отырамыз»,-деді   Күлжиян Қасымова.

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы Светлана Иманқұлова жаңа форматтағы кездесудің тиімділігін  туралы өз пікірін білдіріп, 17 филиалдан тұратын  55 мың мүшесі бар  салалық кәсіподақтың сала қызметкерлерін  қолдау шараларына тоқталды.

«Салалық кәсіподақ  әлеуметтік әріптесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірге бірқатар өзекті мәселелерді шешуге ат салысуда. Мәселен, біз 2019 жылы цирк әртістері үшін отандық жоғары білімге қол жеткіздік. 2020 жылдан бастап мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы көтерілді.  Сондай-ақ, «Мемлекеттік мәдени ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметкерлер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізе алдық. Алайда сала қызметкерлерінің жалақысы басқа салалардағы бюджеттік қызметерлермен салыстырған төмен деңгейде. Сондықтан біз базалық лауазымдық жалақы тұжырымдамасын жою қажеттілігін талап етеміз. ҚР Парламент Мәжілісінің, түрлі деңгейдегі мәслихаттардың  депуттары да қатысып отырғандықтан,  «еститін үкіметке» осы мәселені жеткізуді сұраймын»,-деді  Светлана Иманқұлова.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева ұйымдастырушыларға осындай кездесулермен 100-ден астам бастауыш ұйымдарын  қамту жоспарлап отырғанын жеткізді. Кездесу қатысушылары тарапынан  «Кәсіподақтар туралы» заң мен Еңбек кодексін жетілдіру қажеттігі туралы айтылған пікірге тоқталған ол, осы мәселе  бойынша федерацияда арнайы жұмыс топтары құрылғанын және оған кәсіподақтардан сайланған ҚР Парламент мәжілісі депутаттарының да кіретінін айтты.

«Топ өз жұмысын бастады. Біз мәдениет саласы қызметкерлерінен де ұсыныстар күтеміз. Кейін депутаттар осы ұсыныстар негізінде   Парламент қабырғасында «Кәсіподақтар туралы» заң мен Еңбек кодексін  жетілдіру бойынша бастамамен шығатын  болады»,-деді Екатерина Смышляева.

Кездесу соңында  ҚРКФ Төрағасы мәдениет саласы қызметкерлерін толғандырған сұрақтарға жауап берді.  Сұрақтардың басым бөлігі жалақыға және тұрғын үй сертификатына қатысты болды.

Сатыбалды Дәулеталин ең төменгі жалақыға қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, федерация жалақыны біртіндеп көтеру қажеттілігі туралы нақты ұстанымды қорғайтынын айтты.

«Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін ең төменгі жалақыны қалыптастыру әдістемесі құрылған жоқ.  Соңғы 3 жылда ол индекстелмеген.  3 ай ішінде біз жұмыс тобының құрамында 2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметі, Республикалық кәсіподақ бірлестіктері мен Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісім жобасымен жұмыс жасадық.  Келіссөздер оңай болған жоқ, өйткені жұмыс берушілер жалақының өсуіне қарсы позициясын білдірді.  Біз бұл мәселелерді Бас келісім жобасында көрсете алдық.

Ең алдымен, біз индекстеуді және ең төменгі жалақының кезең-кезеңімен өсуін талап етеміз.  Ол аз дегенде орташа жалақының жартысын құрауы керек. Егер елде қазір орташа жалақы 204 мың теңге болса, ең төменгі жалақы  102 мың теңге болуы керек. Оның үстіне, біз жылдар бойы өзгермеген «Базалық лауазымдық жалақы» сияқты тұжырымдаманы ауыстыруды талап етеміз.  Бұл мәселені мен жуырда Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында көтердім.  Біздің ойымызша, келешекте жалақы, оның ішінде мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы  ең төменгі жалақы негізінде қалыптасуы керек», – деп атап өтті кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

Бұл ретте Сатыбалды Дәулеталин бастауыш кәсіподақ ұйымы деңгейінде әлеуметтік диалогты күшейту қажеттігін айтты.

«Әлеуметтік еңбек қатынастарын ұжымдық келісім арқылы реттеуге келсек, қолданыстағы Еңбек кодексі минималды стандарттарды ғана бекітеді. Бұл нормалардың 80 %-ы ұжымдық келісіммен ретеледі. Ол бұл мәселлелерді шешуге қауқарлы ма? Ашығын айтсақ, жоқ. Біз талдау жасадық.  Елімізде 145 мың ұыжымдық келісім жұмыс істеп тұр. Алайда оның тек 10% ғана арқылы жалақыны индекстеу шешілген. Қазір федерация  ұжымдық шарт нормалары бойынша стандарттар әзірлеп жатыр. Кейін сол стандарттарды қолдануға тырысатын боламыз.  Жалақыны реттеу мәселелері, басқалармен қатар, сіздің ұйымыңыздың шағын Конституциясы болып табылатын ұжымдық келісім арқылы шешілуі керек», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚРКФ төрағасы бастауыш кәсіподақ ұйымы мен әлеуметтік әріптестік туралы аймақтық келісімде көрсетілген шараларды жоғары бағалады және өзге  әріптестерімен бөлісуге шақырды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы