2021- 2025 жылдарға арналған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2021 жылғы 3 наурыз күні «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев «Nur Otan» Партиясының Шымкент қалалық филиал төрағасының орынбасары Бекайдар Тулегеновпен кездесіп, кәсіподақ пен еліміздің іргелі саяси партиясы арасында өзара ынтымақтастықты нығайтуға арналған меморандум жасасты.

Сонымен қатар, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен «Nur Otan» Партиясының Шымкент қалалық филиал төрағасының орынбасары Бекайдар Тулегенов Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын және 2018 жылғы 18 сәуірдегі «Nur Оtan» Партиясы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы арасындағы Меморандумды іске асыру аясында және «Nur Оtan» Партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылғы 25 қарашадағы кезектен тыс XX Съезінде берген тапсырмаларын орындау мақсатында Меморандумға қол қойды.