Бастауыш кәсіподақ ұйымы келіндер байқауын ұйымдастырды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында № 1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен қызметкерлер арасында келіндер сайысы өтті. «Келіні жақсының керегесі алтын» деп халқымыз айтқандай, отбасында келіннің роліне аса мән берген. Оның ибалы да ізетті, шаңырақтың ұйытқысы болуына баса назар аударған.

Сайыстың шартына орай байқауға қатысқан 4 үміткер өздерін таныстырумен бастады. Өнерлерін ортаға салып, үй тапсырмасын да көпшілік назарына ұсынды. Әділқазылар алқасының дайындаған қазақтың салт-дәстүрінен де білімдерін көрсетіп, сұрақтарға жауап берді. Сайыс нәтижесінде Бас жүлдеге ие болған Зауреш Сырғабаева мен 1 орын иегері Ақмарал Тұрмағанбетоваға «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мухтарита Сағындықова «ЮКОН» шипажайына демалуға сертификат табыстады.

Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымының бірақатар қызметкерлері облыстық филиал атынан Алғыс хаттармен марапатталды.