Бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктерді марапаттады

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен университеттің оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан білім беру орталығының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамы арасында «Үздік әдіскер – 2021» байқауы өтті. Байқаудың жалпы жүлде қорына университеттен 1 000 000 (бір миллион) теңге қаржы бөлінді.

Бастауыш ұйым мүшелері біліктіліктері мен тәжірибелерін сарапқа салды. Нәтижесінде бірінші орынды Гүлжанат Кемалова, екінші орынды Айгүл Рыстыгулова, Нұршат Наурызова, ал Айнұр Көшкімбаева, Асылбек Маден, Жадыра Шілмағамбетовалар үшінші жүлделі орындарды иеленді.

“Іргелі оқу орнында бастауыш ұйым мүшелеріне үнемі қолдау жасалады. Біз үздік оқытушыларды ынталандыру мақсатында осындай байқауларды мейлінше жиірек ұйымдастыруға тырысамыз”, – дейді бастауыш ұйым төрайымы Ольга Сұлтанғалиева.