8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің Ақтөбе облыстық филиалы еңбеккер әйелдерді құттықтап, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттап, сый-сыяпатқа бөледі. Марапатталушылардың қатарында көп балалы және жалғызбасты аналар да болды.
Мерекелік шараға қатысушыларды филиал төрайымы Назира Табылдинова мен спортшы ардагерлер атынан Владимир Коренков құттықтады.
«Әйел – отбасының ұйытқысы, шаңырақтың шырақшысы. Қоғамның дамуында әйелдердің қосып жатқан үлесі мол. Әсіресе, мәдениет және спорт салаларында жас ұрпақтың бойына мәдени құндылықтарды сіңіріп, салауатты өмір салтын ұстануға тәбиелеп жүрген әйелдер қауымы құрметке лайық», – деп атап өтті «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің Ақтөбе облыстық филиалы Нәзира Табылдинова.
Мерекелік шара соңында қазақтың ұлттық ән өнерін өзге елдерге насихаттап жүрген танымал дәстүрлі әнші, термеші Қоянбай Тобағабылов өнер көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.