Кәсіподақ өкілдері медициналық жедел-жәрдем станциясының еңбек ұжымымен кездесті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялауына байланысты 2021 жылдың 11 наурызында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Өмірәлі Бердіғали Түркістан қаласында орналасқан «Түркістан облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясы» кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олардың қал-жағдайларымен танысып, өзекті мәселелер және оның шешу жолдары жөнінде әңгімелесті.

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өткізілген кездесуде бастауыш кәсіподақ ұйымының ашық есік күндері, кәсіподақ мүшелерін оқытудан өткізу, танымал еңбек адамдарымен кездесу өткізу, наградалар ұсыну, жолдама беру, ұйымның ұжым алдында есеп беруі, келісім-шарттар мен ұжымдық шарттар жасасу, олардың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қозғалды.

Кездесу соңында қызметкерлермен пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді. 2020 жылдың 1 сәуірден бастап өңірдегі бекеттер мен бөлімшелер Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына орталықтандарылып, бірыңғай CALL-орталығы ұйымдастырылды. Түскен шақыруларды «КӨМЕК» автоматтандырылған басқару жүйесі өңдейді. Жалпы, Түркістан облысының тұрғындарына 123 желілік бригада (39 дәрігерлік, 84 фельдшерлік) және 70 емханалардың медициналық алғашқы санитарлық бригадалары қызмет көрсетуде.