Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кубогы ойнатылды

Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында Бұқар Жырау ауданының Чкалов су қоймасында 2021 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кубогына еңбек ұжымдары арасында мұз асты балық аулау бойынша жарыс өтті.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2021 жылды кәсіподақтың бастауыш ұйымы жылы деп жариялауы аясында Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесі және Қарағанды облысының Салалық және жергілікті кәсіподақтардың аумақтық құрылымдары кәсіподағының бастауыш ұйымдары еңбекшілер арасында салауатты өмір салтын және белсенді демалысты насихаттау мақсатында аталған жарысты ұйымдастырды.

Жарысқа 22 еңбек ұжымы жіберілді, барлығы балық аулауға 73 қатысушы қатысты, олардың көпшілігі кәсіби емес балықшы болып табылады. Көктемнің шуақты, жылы күнінде барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылар оң әсер алды.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында, жарыс басталғанға дейін барлық қатысушылар мұздағы жүріс-тұрыс және санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау бойынша нұсқаулықтан өтті, әрбір учаскеде қатысушылар мен жанкүйерлерді жарыстың бас төрешісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I шақырылым депутаты Валерий Громовтың басшылығымен төрешілер мұқият қадағалады .

Жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздарды, сондай-ақ үлкен қолдау тобын: Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы» РҚБ ҚОФ төрағасы Ноян Бидайбаев, «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ ҚОФ төрайымы Алмакүл Өсерова, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ ҚОФ төрағасы Ерсін Абдулманафов, «Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелері (СХПО және ММ) қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Дархан Джузбаев, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ҚОФ төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаев, бастапқы кәсіподақ ұйымдары атынан Алмагүл Рақышева – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының Қазыбек би аудандық комитеті» филиалының төрайымы және әлеуметтік серіктес-жеке кәсіпкер Нұрлан Әубәкіров құттықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша еңбек ұжымдары арасында орындар келесідей бөлінді:
командалық есепте I орынды «Техол Т» ЖШС ұжымы иеленді, оларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кубогы, «алтын медальдар» және бірінші дәрежелі грамоталар берілді; II орынды «Қарағанды облысы мүгедектерін оңалту орталығы» КММ ұжымы иеленді, «күміс медаль» және екінші дәрежелі грамоталармен; III орынды «Теплотранзит Караганда» ЖШС ұжымы «қола медаль» және үшінші дәрежелі грамоталармен марапатталды;
Жеке есепте: I орынды – «Техол Т» ЖШС қызметкері Павел Королев, II орынды – «Қарағанды облысы мүгедектерін оңалту орталығы» КММ ағаш ұстасы Дастан Әубәкіров, III орынды – «Техол Т» ЖШС қызметкері Лев Ли иеленді.
Арнайы сыйлықтармен: «Ең жас қатысушы» номинациясы бойынша Кайль Максим; «Бірінші ауланған балық» номинациясы бойынша «Теплотранзит Караганда» ЖШС реттеуші-бақылаушысы Александр Воробьев; «Ең ірі балық» номинациясы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Данияр Имендинов;– «Мисс рыбачка» номинациясы бойынша «№78 ЖББОМ» КММ психологы Вероника Анненкова марапатталды.
Владимир Рыжков – қоғам және саяси қайраткер, елімізге танымал ЖУРНАЛИСТ, Дмитрий Бойконың отбасы достары атынан «Қасым Аманжолов атындағы балалар музыка мектебі» КМҚК ұжымына арнайы сыйлық табыс етті.
Дмитрий Макарович Бойко – Қарағанды облысының балық аулау федерациясының тұңғыш президенті, Қазақстандық салалық білім және ғылым одағының Қарағанды облыстық ұйымы кеңесінің мүшесі болды.

Жарыстың барлық жүлдегерлері мен номинанттарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жарысқа еңбек ұжымдары белсенді қатысты:
• «Қарағанды облысының мүгедектерді оңалту орталығы» КММ – «Қарағанды облысының мемлекеттік және азаматтық қызметшілерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Теплотранзит Караганда» ЖШС – «YNTYMAQ» Қазақстан Орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ҚОФ;
• «Қасым Аманжолов атындағы БММ» КМҚК, №5 МББМ КММ, «№78 ЖББОМ» КММ, №58 ЖББМ КММ, «№66 мектеп – лицей» КММ, «№85 ЖББМ» КММ – «Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық Салалық кәсіптік одағының ұйымы» ҚБ;
• «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік қолдау бойынша Бұхар-Жырау бөлімі филиалы –«Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ;
• АХБ «Облыстық қан орталығы» КМК, «Қарағанды қаласының балалар ауруханасы» КМК, «Шет ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК, «Профессор Мақажанов Х.Ж. атындағы МБ» – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы»;
• Баймырза ауылдық Мәдениет үйі, Самарқанд ауылдық Мәдениет үйі, Центральное ауылының Ауылдық мәдениет үйі, Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған жүзу спорт мектебі – «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ ҚО»;
• «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қазақстандық көмір департаментінің шахтасы – «Қорғау» көміршілер кәсіподағы.

Жарыс аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар барлық тілек білдірушілерге керемет «уха» мен ыстық бауырсақ пен шай берді.

Ұйымдастырушылар ауа райының қиын жағдайында көрсеткен қолдауы үшін: «КАРАТ» ЖШС директоры Валерия Алексеевна Нефедоваға, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық ұйымының төрайымы Татьяна Филипповна Самойлюкке, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы және спорт шебері Валерий Леонидович Громовқа , «Chicken king» отбасылық тамақтану мейрамханасының ұжымы және Мейрам Әйгерімге, қарағандылық кәсіпкерлер еңбек ұжымдары арасында Кәсіподақтар Федерациясының Кубогына мұз асты балық аулау бойынша жарысты өткізуге белсенді жәрдемдескені үшін алғыс білдіреді.