Маңғыстауда Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Наурыздың 12 жұлдызында Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының «Кәсіподақтар үйі» ғимаратында 2021 жыл «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» тақырыбында  Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа төрағалық жасаған Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Шадрах Ермекбайұлы отырысты ашып, шұғылалы көктем айының келуімен және осы айдағы айтулы мерекелермен отырыстағы азаматтарды құттықтады. Өткен жылдың 23 желтоқсанында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің төрағалығымен өткен Бас кеңестің отырысы туралы қысқаша баядады. Бас кеңестің отырыс барысында ҚРКФ-ның қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» стратегиясын жүзеге асырудың басым бағыттары қаралды.

«Өткен Съезде кәсіподақтар қазіргі күн тәртібіне сәйкес дамудың жаңа вакторын анықтады. Бірлік, әділеттілік, даму – бұл Кәсіподақтар федерациясы қызметінің негізгі қағидалары. Олар жұмысшылардың кәсіби және әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін ұжымдық қорғау әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин. ҚРКФ қызметінің жаңа Стратегиясының ережелерін тиімді жүзеге асыру аясында оны жүзеге асырудың негізгі шаралар жоспары Бас кеңестің қарауына ұсынылды. Бірқатар нақты қаулылар Бас кеңестің отырысында қабылданды. Стратегияны іске асыру жоспарындағы маңызды тармақ – 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жылы» деп жариялау. Бұл мәселе Бас кеңес мүшелерінің ұжымдық қарауына ұсынылды және оның мақұлдауына ие болды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы — бұл бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін күшейту мүмкіндігі. Бастауыш кәсіподақ ұйымы бүкіл кәсіподақ қозғалысының тірегі болып табылады. Жұмыстың көп бөлігі бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жүреді, осыған орай, бастауыш кәсіподақ ұйымдары биыл басты назарда. ​​​​​Осы ретте, ҚР Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ жылын дәріптеу мақсатында түрлі жобалармен акцияларды бастады. Бізде өз тарапымыздан аймақ бойынша, бастауыш кәсіподақ жылын өз деңгейінде атап өтуіміз керек», – деді Шадрах Ермекбайұлы.

Отырысқа қатысушы жергілікті және салалық кәсіподақ төрағалары түрлі ұсыныстарын ортаға салды. Үйлестіру кеңесінің мүшелерінің шешімі бойынша шахматтан турнир және спорттық іс-шаралар өткізілетін болды. Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігінің 30 жылдығына арналған бұқаралық іс шараларды ұйымдастыру талқыланды. 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялау туралы алдаға уақытта атқарылатын іс-шаралар туралы жоспарлар қабылданды.