Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған кездесуге облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Қарашолақов, Меркі ауданының әкімі Р. Нұрсипатов, облыстық ауылшаруашылық салалық кәсіподағының төрағасы Б. Данияров, “YNTYMAQ” шағын және орта бизнес субъектілерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Ш.Исабеков және шаруа қожалықтары, сауда саттық т.б. кәсіпорын басшылары қатысты.
Кездесуде облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Қарашолақов жиынға келген ірі шаруа қожалықтары мен мекеме басшыларына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атқарып жатқан жұмыстарының негізгі бағыттарын айта отырып, әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, кәсіподақтар орталығының төрағасы аудандағы ұжымдық шарттар мен меморандумдар санын арттыру маңыздылығына жіті тоқталып өтті.
Жиын барысында Салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері жұмыс берушілерге бастауыш кәсіподақ ұйымын құрудың және ұжымдық шарттың тиімді тұстарын жан-айтып берді.
Кездесу соңында аудан әкімі Р. Нұрсипатов аудандағы қызмет етіп тұрған кәсіпорындар мен мекемелерде бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға барынша көмек көрсететін жеткізді.