2021 жылдың 18-19 наурыз күндері аралығында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар бірлестіктерінің 60-тан астам мамандарының, кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен «Еңбек дауларын тиімді шешу: диалог және бітімгершілік рәсімдері » тақырыбында Мәскеу мемлекетінің Халықаралық сарапшыларының қатысуымен,Ф.Эберт атындағы қордың қолдауымен оқыту өткізілмек.
Екі күнге жоспарланған оқыту барысында қатысушылар кәсіподақ ұйымдарындағы, жұмыс берушілердегі, мемлекеттік мекемелердегі еңбек жанжалдарын шешу тәжірибесі мен Қазақстан Республикасының еңбек дауларын шешудің бітімгершілік рәсімдері туралы еңбек заңнамасы туралы және ұйымдар мен кәсіпорындардағы диалог пен келісім рәсімдерін еңбек қатынастарына қосу перспективалары мен механизмдері жөнінде көптеген ақпараттар алатын болады.
Бүгін, ZOOM платформасында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова өңірдің аталмыш оқытуға дайын екендігін хабарлап, ұйымдастырушы тараппен дайындықты бір пысықтады.
#kasipodaqkz