Ұлттық құндылықтарды дәріптеу бойынша челлендж бастау алды

Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасы аясында көктемгі жаңарудың үлкен мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері ұлттық құндылықтарды ұлттық киімдер мен әшекейлер арқылы дәріптеу бойынша челленджге қатысуда. Кәсіподақ орталығының мүшелері эстафетаны Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктеріне және Салалық кәсіптік одақтарына жолдайды.