Бас келісім жаңа мүмкіндіктер береді

Жақында Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасында 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды.

Бас келісімде Кәсіподақтар федерациясы ұсынған әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, экономикалық саясатты нығайту, халықтың тиімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, лайықты жағдайлар жасау және еңбекке ақы төлеу, сондай-ақ әлеуметтік саясатты күшейту қағидаттары көрініс тапқан.

Кәсіподақтар федерациясының ұсынысы бойынша Бас келісімде тікелей кәсіпорындарда үшжақты комиссиялардың көшпелі отырыстарын өткізу тәжірибесі енгізілді. Бұдан басқа, біз әлеуметтік әріптестік мәселелерін жүргізуді өңірлердің әкімдеріне жүктеу қарастырылды. Өйткені өңірлердегі әлеуметтік әріптестік жөніндегі әкім орынбасарларының жиі ауысуы туындаған проблемалық мәселелер бойынша шешімдерді ұтқыр қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Бас келісімнің қабылдануы, ең алдымен, әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі жұмыстың басымдығына, халық табысының нақты өсуіне, олардың өмірін сапалы жақсартуға және әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге ықпал ететін болады.

Кәсіподақтар федерациясының бастамасы бойынша Бас келісімде еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіру нормалары уақтылы енгізілді. Ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен, оның ішінде барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда қызметкерлердің жалақысын индекстеуді заңнамалық бекіту қарастырылған.

Сондай-ақ, «дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» ХЕҰ № 131 конвенциясын ратификациялау туралы кәсіподақтардың ұсыныстарын қолдау маңызды қадам болды.

Тағы бір айта кетерлігі, Кәсіподақтар федерациясының ұсынысымен өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруды анықтау мен талдаудың жаңа әдістері жөніндегі Бас келісімге енгізілген нормалар өндірістегі жазатайым оқиғалардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

Біз, қазіргі заман жағдайында қабылданған жаңа Бас келісімнің, тұтастай алғанда, әлеуметтік тұрақтылықты, қоғамның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенім білдіреміз.

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы