Бірлескен жұмыс жоспары талқыланды

Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде тәжірибе алмасу және танысу мақсатында Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков пен «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (Алматы қаласы) төрағасы Вячеслав Вавилиннің жұмыс барысы бойынша кездесуі өтті.

Кәсіподақ басшылары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында кәсіподақ қозғалысын одан әрі дамыту мәселелері, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтің перспективалары жөнінде пікір алмасты, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды белгіледі.

#kasipodaqkz #БКҰ21 #kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚалыңҚалайБастауыш #ҚРКФ #Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы