“Қызмет” Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы” ҚБ Түркістан облыстық филиалы тағы бір бастауыш ұйымымен толықты.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінде қабылданған кәсіподақтар қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру мақсатында «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы жүргізілуде.
Акция аясында Сарыағаш аудандық ұйымның төрағасы Шырынбек Ешанқұлов бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижелі жұмыстың арқасында «АААЕС» спорт мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, 22 қызметкер кәсіподақ мүшесі болды. Кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Нұрғожин Сұлтан Майданұлы сайланды.