Кәсіподақ өкілдері Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дәрігерлердің жалақысы кезең-кезеңмен көтеріледі. Республикада бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарында жалақы мәселесі өзгеріссіз қалып отырғандығы туралы кәсіподақтар алаңдаушылық білдіруде. “Қызылорда облысында бұл мәселе бойынша ахуал қалай? Бастауыш ұйымның кәсіподақ мүшелерінің айтары бар ма?” сынды сұрақтармен аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов облыстық психикалық денсаулық орталығы ұжымымен кездесті.

Кездесуге «SENIM» «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Асылхан Абылайханұлы, психикалық денсаулық орталығының басшысы Әділбай Медетбаев қатысты.

Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығында 800-ден аса қызметкер жұмыс жасайды, бастауыш ұйым төрайымы Гүлмира Ақтаева ұжымдағы еңбек жағдайы туралы әңгімеледі. Қызметкерлер жалақы тұрақтылығы мен әлеуметтік көмектердің барлығын, кәсіподақ ұйымы тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының маңыздылығын, пандемия басталған қиыншылықтар туындаған кезеңдерге жұмыскерлердің жанынан табылған ұйымның белсенді жұмысының нәтижелілігін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында Серік Сермағамбетов Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының әлеуметтік әріптестерге арналған медициналық қызметкерлердің жалақысына қатысты Үндеуі жарияланғандығын айтты. Үндеуде кәсіподақтар әкімдіктер мен медицина ұйымдарының басшыларын денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподақтары мен әлеуметтік әріптестер ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы қол қойған салалық келісімге қосымшаның, барлық медициналық ұйымдарға медициналық қызметкерлердің жалақысын заңды түрде көтеруге мүмкіндік беретін нормалардың орындалуына шақырады.

«Әрбір бастауыш ұйымның тыныс-тіршілігі – біздің назарымызда. Биылғы 2021 жыл Кәсіподақтар федерациясымен бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы болып белгіленді. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне құрметіміз ерекше, пандемия кезінде сіздердің жанкешті еңбектеріңізді көрудеміз. Медицина қызметкерлерін қолдау бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Президент тапсырмасымен дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен өсіру міндеттелді, бұл мақсаттарға мемлекеттен 2021 жылы 222 миллиардтан астам теңге қаражат қарастырылған. Әрине, кіші буынды медицина қызметкерлері мен техникалық персоналға жалақының өзгеріссіз қалуы өзекті мәселе болып отыр. Олардың жалақы мәселесін тек осы келісімдер мен Ұжымдық шарттар арқылы ғана әзірге шешу мүмкіндігі бар. Бұл мәселелер бойынша заңнамалық өзгерістерге сала мамандарының ұсыныстары негізінде депутаттық сауал жасауға ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Екатерина Смышляева жұмыс жасауда. Бұл туралы кәсіподақтар депутаты медицина ұйымдарымен кездесуінде айтты, өздеріңіз білесіздер биылғы сайлауда кәсіподақтар тарапынан ұсынылған үміткерлеріміз мәжіліс депутаты атанды, олар Еңбек адамы мүдделеріне жоғарғы заң шығарушы органда қызмет етуде», – деді Серік Сермағамбетов.