“Дарынды балаларға – талантты ұстаз” тақырыбында Қобда ауданында педагогикалық олимпиада ұйымдастырылды. Шара жас мамандардың кәсіптік шеберлігін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Жүлделі орындарға ие болған ұстаздарды аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Айжарықов пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Ибраев құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады. Аудандық білім кәсіподақ ұйымының атынан барлық қатысушыларға Абай Құнанбайұлының және өзге де қазақтың ақын-жазушыларының кітаптары сыйға берілді.