Кәсіподақ қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады

“Еуроазиаттық энергетикалық корпорация” АҚ Ақсу электр станциясында 2300 қызметкерден тұратын еңбек ұжымы бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері болып табылады.

Ақсу электр станциясы – Қазақстан нарығындағы электр энергиясының ірі жеткізушісі. Қазақстанның тоғыз қаласының әрбір үйінде жарық болып, бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істеуі үшін мұнда жалпы қуаты 2450 МВт болатын сегіз энергоблок жұмыс істейді.

Наурыз мейрамы қарсаңында станцияның кәсіподақ комитеті қызметкерлер үшін киіз үйдің мерекелік безендірілуін және қызметкерлерді мерекелік ұлттық тағамдармен тамақтандыруды ұйымдастырды.

Әрбір жұмыскерді қуанту үшін киіз үй әкімшілік-тұрмыстық корпуста ұйымдастырылған. Бірде-бір қызметкер түскі астан мерекелік ұлттық тағамдармен тамақсыз кеткен жоқ, бұл мерекенің, бірлік пен ынтымақтастықтың ерекше атмосферасын құрды.