«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының Наурыз мерекесімен құттықтауы

Құрметті достар!

Ардақты әріптестер!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелетін, салт-дәстүріміз салтанат құратын жарқын мейрамның қадір-қасиеті қашан да ерекше. Егемендігіміздің нышаны, елдігіміздің белгісі, болмысымыздың айғағына айналған әз Наурыз мейрамы қазақ топырағына құт-береке, молшылық әкелсін.

Табиғат түлеп, жер жаһан жаңарып, күн мен түн теңелетін тамаша шақ – Ұлыстың ұлы күні баршаңызға баянды бақыт, көтеріңкі көңіл күй, сарқылмас күш-қуат сыйласын.

Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

 

Құрметпен,

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы А.Мұқашева