Үлкенге – құрмет

19 наурыз – игі іс жасау күні аясында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған “Келешек” жастар кеңесі еріктілері кәсіподақтар орталығының ардагерлерін, атап айтқанда Кортель Любовь пен Нурмадиева Насиманы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, қал-жағдайымен танысып, жылы лебіздерін білдіріп, кішігірім сыйлықты табыстап қайтты.