Зор сенімге ие кәсіподақ ұйымы

“С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің” жергілікті кәсіптік одағы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауда нақты істер жасап келеді. Екі жыл бұрын тіркелген кәсіподақтың өз қатарында 21 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар, олардың құрамына 1 652 адам кіреді. Бүгінгі таңда қоғамдық ұйым өз мүшелерінің сенімі мен ризашылығына ие болды.

Университет басшылығының қолдауымен жергілікті кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің денсаулығын басты назарда ұстайды.

«Қазіргі уақытта санаторийлерде демалуға сұраныс артып отыр. Осыны ескере отырып, біз әріптестерімізге емдік–сауықтыру демалысын қамтамасыз етуді маңызды деп есептедік», – деп атап өтті кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Айтхожин.

С.Айтхожинның айтуынша, кәсіподақ мүшелерінің санаторлық-сауықтыру жолдамасының 100 пайызын төлейміз. Бұған қоса олардың барып-келу жол ақысын да алып береміз. Наурыздың 29-30 күндері осы жолдамамен баратын алғашқы 35 адам “Щучинский”, “Манкент”, “Сосновый бор”, “Мойылды” шипажайларына жіберіледі.

“С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің” жергілікті кәсіптік одағы жыл сайын санаторийлерге 150-200 адамнан жіберуді жоспарлап отыр.

#kasipodaqkz*#БКҰ21 #ҚалыңҚалайБастауыш