Кәсіподақ өкілдері ақ халатты абзал жандармен кездесті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Шымкент қалалық филианының төрағасы Ерқозы Батырбеков Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Пернебеков Сәрсенмен және аурухана ұжымымен кездесті.

Жалпы ауруханада 1976 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Осыған байланысты қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауруханың жағдайы жақсарып, жөндеу жұмыстары аяқталып, қазіргі заманға сай жасалған.

Кездесу барысында аурухананың қазіргі жағдайымен танысып, кәсіподақ мүшелерімен кездесті.

Сондай-ақ, жағдайы төмен кәсіподақ мүшесіне 50 мың теңге сертификаты және күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты мекеемеге сыйлық ретінде теледидар табысталды.