Шымкент қаласының №1 қалалық емханасында кездесу өтті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов №1 қалалық емханасының дәрігері Бейсеуов Махамбетпен және аурухананың ұжым мүшелерімен кездесті.

№1 қалалық емханасы қаламыздағы ең ірі, әрі кең емханалардың бірі болып есептелінеді. Мұнда 505 қызметкер жұмыс істейді және оның 417-сі кәсіподақ мүшесі болып табылады.
Кездесу барысында аурухананың қазіргі жағдайымен және кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайымен танысты. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен кәсіподақ мүшесіне 50,0 мың теңге сертификаты табысталды және аурухананың күрделі жұмыстарының бітуіне байланысты мекемеге сыйлық ретінде теледидар тапсырды.