Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығында кәсіподақ жетекшілері облыстық агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінде 15 жыл көлемінде елеулі еңбек еткен, зейнеткер, кәсіподақ ардагері Гусманов Булатты мерейлі 80 жасқа толуына орай ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагері» медалімен марапаттады.
Гусманов Булат – 1941 жылы 26 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында дүниеге келген. 1957-1959 жж. Челябинск қаласындағы кәсіптік-техникалық училищисін слесарь-ремонтник мамандығында тәмамдап, 1959-1960 жж. Қарағанды облысы Шерубай-Нура елдімекенінде шахта құралдарын жөндеуші болып қызмет атқарады. 1960-1962 жж. БҚО, Жәнібек ауданы Ақоба кеншарында слесарь, шофер болып қызмет етті. 1962-1967 жж. Алматы агро шаруашылық институтында оқыды.
1967-1968 жж. БҚО, Тайпақ ауданының агро шаруашылық басқармасындағы агроном қызметін атқарды. 1968-1970 жж. Кеңес Әскерінің қатарында болды. 1970-1981 жж. БҚО, Тайпақ ауданында аға агроном, Тайпақ ауданы партия комитетінің нұсқаушысы, Өлеңтікен шарында Партия комитетінің хатшысы болды. 1981-1983 жж. Алматы қаласы Жоғарғы Партия мектебінің тыңдаушысы болып, 1983-2000жж. Ақжайық ауданында, Орал қаласында агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы, Батыс Қазақстан агро өнеркәсіп кешені қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі, БҚО комитет төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Мерейлі жасымен құттықтап, қабылдаған кәсіподақ жетешілеріне ардагер өз ризашылығын білдіріп, еліміздің тыныштығы мен амандығын тіледі.