Еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды

26 наурыз күні «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Пірімбетов Бастарбек «Ордабасы аудандық мәдениет үйі», «Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханасы», «Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музейі» МКҚК, «Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы» қызметкерлерімен кездесіп, олардың қал-жағдайларымен танысып, өзекті мәселелер және оның шешу жолдары жөнінде әңгіме жасалды.

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өткізілген кездесуде бастауыш кәсіподақ ұйымының ашық есік күндері, кәсіподақ мүшелерін оқыту, танымалы еңбек адамдарымен кездесу өткізу, наградаларға ұсыну, жолдама беру, ұйымның ұжым алдында есеп беруі, келісім-шарттар мен ұжымдық шарттар жасасуы мәселелері қозғалды.

Сонымен бірге Наурыз мерекесіне орай кәсіподақтың белсенді мүшелері «Құрмет» қағаздарымен марапатталды.
#кәсіподақҚз