Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш кәсіподақ ұйымынан басталады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы осы жылды “Бастауыш кәсіподақ ұйымы” жылы деп жариялады.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрамына кіретін Шахтинск қаласы Қарағанды облысы Шахан кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш ұйымының төрайымы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рымтай Мұстафина.

Ол тәжірибелі және талантты ұйымдастырушы, кәсіподақ жұмысын шебер жүргізеді, ең бастысы, адамдарға деген назары, құрмет және қамқорлығы жоғары. Мектеп ұжымында 110 педагог пен қызметкер еңбек етеді, олардың барлығы – кәсіподақ мүшелері. Кәсіподақ комитетінің төрайымының назарынан кәсіподақтың бірде-бір мүшесі қалмайды. Кәсіподақ жетекшісі әр адаммен тез тіл табысады. Мектеп директоры Зәмзәгүл Ахмедиямен әлеуметтік әріптестікте өз жұмысын өте сауатты жүргізеді. Ұйымда еңбек дауларын шешу, кәсіподақ мүшелерінің өтініштерін жедел шешу бойынша жұмыс жақсы қойылған.

Адамдарға деген мейірімділіктің арқасында мектепте тату, жұмысқа қабілетті ұжым қалыптасты. Педагогтың еңбегі жеңіл емес, әсіресе жаңа жағдайлар мен санитарлық талаптарда, сондықтан Рымтай Ермекқызы маңызды міндеттердің бірі – қызметкерлерді сауықтыру деп санайды. Жыл сайын кәсіподақ комитеті Балқаштың, Баянауыл мен Бурабайдың демалыс аймақтарына ұжымдық демалысты ұйымдастырады, бұл денсаулықты нығайтуға және ұжымның топтасуына ықпал етеді.

Бастауыш ұйымның төрайымы педагогикалық еңбек ардагерлеріне үлкен құрметпен қарайды, бұл – мектептің кәсіподақ ұйымы қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Еңбек ардагерлерімен жұмыстың негізгі мақсаты – әлеуметтік қорғау, зейінді арттыру және материалдық қолдау көрсету. Олар мектепке жиі қонақ ретінде шақырылады және кәсіподақ комитетінің тарапынан атқарған жұмыстары үшін әрқашан алғыс сезінеді.

«Ұйымшылдық, қызметкерлерді құқықтық қорғау, қолдау және өзара түсіністік – бұл кәсіподақтың табысты жұмысының кепілі», – деп санайды кәсіподақ комитетінің төрайымы Рымтай Мұстафина.