Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «30 Еңбек Елшісі» жобасының жеңімпаздары екі күндік семинар-тренинг жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасының орынбасарларымен, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің өкілдерімен, әлеуметтік-еңбек саласындағы мамандармен кездесулер мен коуч-сессияларға қатысып, оқыту бағдарламаларына белсене атсалысты.
Жоба қатысушыларының алдында тұрған ортақ миссия – кәсіподақ қозғалысының қызметін жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.
2021 жыл бойы жобының бес бағыты бойынша әр өңірде бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарланып отыр.