Қазақстандық салалық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының құрамына кіретін Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы «Комсомол» серіктестігінің бастауыш ұйымының жұмыстары өзгелерге үлгі боларлық. 130-дан астам еңбеккердің басын біріктірген бұл іргелі ұжымда татулық пен ынтымақ берік орныққан. «Комсомол» ЖШС-нің ұжымы – Әйтеке би ауданындағы ірі ауыл шаруашылық тауарын өндіруші.
Куаңшылық жылдарға қарамастан гектарына орташа есеппен 8-12 центнерге дейін өнім алады және мал азығын дайындау барысында аудан орталығының тұрғындарын, ЖШС-нің ұжымы мен пай иелерін қамтамасыз етіп келеді. «Комсомол» ЖШС-нің машина трактор паркі қазіргі заманғы талапқа сай егін жинау комбайны, автокөліктермен жабдықталған.
Шаруашылықта 130-дан астам адам жұмыспен қамтылған, маусымдық жұмыс кезінде 200 адамға дейін қатысады. Науқан кезінде орталықтандарылған астық қырманы, автогараж, машина-трактор шеберханасы қазіргі жаңа құрал-жабдықпен тәулік бойы жоғарғы сапамен жұмыс жасайды. Алқапта жұмыс жасауға және демалыс үшін жылжымалы асхана және моншамен жағдай жасалған. Жұмысшылар өз өнімдері нанымен қамтамасыз етілген және жақсы кондитерлік цехы жұмыс жасайды.
Бастауыш ұйымның әлеуметтік әріптесі «Комсомол» ЖШС директоры Виталий Волонецпен кәсіподақ жетекшісі өзара тіл табысып, бірлесе жұмыс жасайды.
«Бастауыш ұйым мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мейлінше көңіл бөлінеді», – дейді кәсіподақ жетекшісі. Сонымен қатар, «Туған жерге тағзым» және «Бақытты бала» жобасы аясында ауданның жас өнерпаздары мен спортшыларына демеушілік қолдау көрсетіп отырады.