Алматы облыстық мәслихатының депутаты, “Алматы облысының кәсіподақтар орталығы” АКБ төрағасы Әсет Қыдырманов «YNTYMAQ» Қазақстандық орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ-нің Алматы облыстық филиалымен кездесу өткізіп, еңбек ұжымдарындағы карантин жағдайындағы шектеу шараларына орай қызметін үйлестіру, еңбек дауларының алдын алу, кәсіподақ саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға орай ой бөлісті.
Кездесу барысында салалық кәсіподақ ұжымы тарапынан бірқатар маңызды ұсыныстар беріліп, облыстық мәслихат депутатына орта және кіші бизнес қауымдастығы тарапынан бірнеше сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.
Сондай-ақ, Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.