Түркістан облысы бойынша «Ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ төрағасы Сапарғали Шолданбаев Түркістан облысы Шардара ауданы «Шардара вет қызметі» МКК салалық кәсіпорнында болып, еңбек ұжымымен кездесті.
Кәсіпорында 140 адам жұмыс жасайды. Барлығы – кәсіподақ мүшесі. Кәсіпорынның кәсіподақ төрағасы Бақытжан Мыңбатыров екеуі ардагерлерді ескерткіш сыйлықпен және «Ел ардақтысы» медалімен марапаттады. Сондай-ақ, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.