Бастауыш кәсіподақ ұйымы спорттық сайыс өткізді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбе облысында түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Егемендік тойына арналған турнир Әйтеке би ауданында өтті. Атап айтқанда, мектеп мұғалімдері волейболдан Т.Шевченко атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің және шағын футболдан Сұлукөл ЖОББ мектебінің жүлделері үшін тартысқа түсті.

Байрақты бәсекенің жеңімпаздарына аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов диплом, медаль және кубок табыстады.